#
#
Жұма 18/10/2019

Қару-жарақ сатқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды

  • 10.10.2019
  • 0
  • 183

Жауынгерлік қару өткізумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы С. Бимурзин ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі, ал оның сыбайласы Ф. Турсунов ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі және 296-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Олар тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын, кінәсін мойындағанын және тергеумен қарқынды ынтымақтастығын ескере отырып, жаза шартты түрде тағайындалды.

15 ақпанда ҰҚК Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің қызметкерлері С. Бимурзиннен 605 мың теңгеге бәсеңдеткіші бар «ТТ» тапаншасы мен 10 патронды «жасырын » сатып алған болатын.

2019 жылғы 18 ақпанда олар тағы да бәсеңдеткіші бар «ПБ» тапаншасы мен 50 патронды 675 мың теңгеге «сатып алды». Ол Ф. Тұрсыновқа тиесілі «Kaspi Gold» банк картасына аударылды.

12 наурызда ҰҚК Алматы және Нұр-Сұлтан қалалық департаменттерінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі С. Бимурзин мен Ф. Турсыновты ұстады.

Ф. Тұрсыновтың тұрғылықты жерін тінту кезінде «Reck» маркалы газбен атылатын тапанша, салмағы 196 гр марихуанасы бар үш полиэтилен пакет, «Kaspi Gold» банк картасы, сондай-ақ іс үшін мәні бар өзге де заттар табылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар