19 нау, 2020 сағат 16:39

Карантинге байланысты жағдай бақылауда

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен мегаполистен шығатын жерлердегі блокпосттардағы ағымдағы жағдай туралы селекторлық жиын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кеше кешкілік біз жергілікті жерлердегі жағдайлармен таныстық. Облыс аумағында қаланың шекарасынан бес шақырымдық радиустағы республикалық маңызы бар барлық жолдарда және елді мекендерден шығатын жолдарда қосымша 82 блокпост қойылды. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметкерлері кезекшілікке қойылып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - деп атап өтті А. Баталов.

Тұрғындар бұл қоғамның қауіпсіздігін сақтауға бағытталған мәжбүрлі шаралар екенін түсінеді. Карантин вирустың таралу жалғастығын үзіп, алдын алуға мүмкіндік береді.