#
#
Дүйсенбі 21/05/2018

Қараңғыда шырқалатын музыка

  • 14.05.2018
  • 0
  • 288

16 мамыр күні «Астана Операның» Камералық залында «Қараңғыда шырқалатын музыка» атты бірегей қайырымдылық жоба өтеді. Концерттің қызықты музыкалық-поэзиялық бағдарламасы тас қараңғыда өтетін болады.

«Қараңғыда шырқалатын музыка» қайырымдылық жобасы мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселелеріне көңіл бөлу мақсатымен ұйымдастырылды. Концерттен түскен қаражаттар «Свет в темноте» корпоративтік қорына аударылады.

Ешбір жарықсыз, қараңғыда орындалатын классикалық музыка жауһарлары, сонымен қатар заманауи композиторлар шығармашылығының үздік үлгілері өнерді қабылдаудан таңғажайып әсер сыйлайды. Залдағы отырған әрбір жан музыканы естіп қана қоймай, оны сезіне де алады. Қиялдау мен елестету сыртқы орта мен ішкі жан-дүниеңе жаңаша үңілуге ықпал етеді.

Концертке зағип кәсіби әншілер мен музыканттар Руслан Башаев пен Азамат Темірбаев қатысады. Камералық зал сахнасында контртенор Батыржан Смақов, сондай-ақ «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің шебер музыканттары Зынхар Ахметбек (скрипка), Рақымжан Баспаев (виолончель), Махамбет Жарғақов (контрабас), Александр Тараскин (флейта), Константин Стригин (баян), Жанар Сейітханова (фортепиано) өнер көрсетеді. Сонымен бірге фортепиано партиясын Раушан Бескемпірова орындайды.

Классик композиторлардың вокалдық әрі аспаптық туындылары, атап айтқанда Ф.Шуберттің «Кешкі серенада», К.Дебюссидің «Сиринкс», Ф.Шопеннің Вальс сis-moll (до диез минор), op. 64, №2 және т.б. шығармалар орындалады.

Бағдарламаға қазақстандық және шетелдік авторлардың баршаға сүйікті әндері енді – Қ.Шілдебаевтың «Отан Ана», М.Магомаевтың «Синяя вечность», К.Франсуа мен Ж.Ревоның «My Way», Д.Эллингтонның «Don’t Get Around Much Anymore», «Время свинга» кинофильмінен Дж.Кернның «The Way You Look Tonight» әндері бар.

Тыңдарман қауым халық аспабы – қобыздың сарынын естіп, Ықылас Дүкенұлының «Аққу», «Ерден» күйлерінтыңдай алады.

Бағдарламада оқылатын өлең жолдары кештің позэиялық арқауы болмақ.

Басталуы сағат 19:00-де.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар