09 сәу, 2020 сағат 07:09

Қарағандыда вирус жұқтырғандар жайлы мәлімет берілді

Қарағанды облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған соңғы 2 науқас туралы мәлімет берілді, - деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ауру жұқтырғандардың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Барлығы да - коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адамдар. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

09.04.2020ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды. Қарағанды облысында үй карантинінде 1594  адам бар, ал тәулік бойы бақылауға  818  пациент алынған.