#
#
Cәрсенбі 19/06/2019

Қарағандыда облыстық клиникалық аурухананы жөндеуге 300 млн теңге бөлінді

  • 10.01.2019
  • 0
  • 675

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық клиникалық аурухананың жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты. 

Облыстық клиникалық аурхананың терапевтік корпусының ғимараты соңғы рет 1984-ші жылы жөнделген. 

2016-шы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде терапевтік корпустың шатырында күрделі жөндеу жасалып, терезелері ауыстырылды. 2017-ші жылы қасбеті жөнделіп, маңындағы аумағы абаттандырылды. 

- Біздің аурухана 1961-ші жылы салынған, сол уақыттан бері мұнда күрделі жөндеу жасалмаған, тек ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізіліп отырған. Қазіргі таңда жөндеу аяқталуға жақын. Жасалған жұмыстар әкімнің көңілінен шықты, ол корпусқа қажетті магнитті-резонансты және компьютерлік томографпен жабдықтауға қатысты қосымша тапсырмалар берді. Аймақ басшысы аурухананы демеушілер есебінен, не болмаса МЖӘ бағдарламасы бойынша жабдықтауды тапсырды. Біздің қызметкерлер бұл жаңашылдықтарға қатты қуанып жатыр, - деп атап өтті аурхана директоры Марат Әбеуов. 


2018-ші жылы жөндеу барысында 147 млн теңгеден астам қаражат игерілді. Ал 2019-шы жылы бұл мақсаттарға 300 млн теңге бөлінді.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар