25 қыр, 2016 сағат 10:55

Қарағандыда Головкин атындағы спорт кешені пайда болады

"Қарағандыда салынып жатқан спорт кешенін атақты спортшы, WBC, WBA, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің есімімен атау ұсынылды", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы әкімдігінің хаабарлауынша, бұл ұсынысты облыс әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев білдірді. Ол Геннадий Головкинмен бірге құрылыс барысын қарап шықты.

Майқұдықта дене тәрбиесі-сауықтыру орталығы «Спорт нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша салынуда. Кешен, бірінші кезекте халыққа дене тәрбиесі-сауықтыру сабақтарын ұйымдастыруға арналған. Барлық залдар мен секциялар тегін негізде жұмыс істейді», - деп атап өтті облыс әкімдігінде.

Жоба спорт залдарын, бассейн, бокс залы, ауыр атлетика, екі футбол алаңын қамтиды. Кешенді пайдалануға беру спортпен шұғылданатын тұрғындар санын 1500-ге арттыруға ықпал етеді. Нысан 2017 жылы күзде ашылады деп жоспарланған.

Қазір ғимарат ішін әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аумақ абаттандырылды. Сыртқы жұмыстар аяқталып, екі футбол алаңы салынды.