#
#
Жексенбі 07/06/2020

Қарағанды облысында коронавирустың жаңадан тіркелген 7 жағдайы туралы айтылды

  • 07.04.2020
  • 0
  • 153

Қарағанды облысында 7 сәуірде COVID-19 тағы жеті адамнан анықталды. Бұл - осыған дейін инфекция жұқтырған және ауруханаға жатқызылғандармен жақын байланыста болған адамдар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олардың барлығы індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтай отырып, инфекциялық бокстарға оқшауланған және емдеу курсынан өтуде. 

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының 55 жағдайы зертханалық түрде расталды, оның ішінде бір өлім оқиғасы тіркелген.

«Вирусты жұқтыруы ықтимал барлық адамдарды анықтау үшін мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Жұқтырғандармен байланыста болғандар оқшауланады.

Қарағанды облысында үй карантинінде 1 440 адам отыр. Тәулік бойы бақылауда - 908 пациент, оның ішінде 54-і жұқпалы боксте. Бұл - 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) оралған немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.

Жұмысқа барлығы 690 медицина қызметкері жұмылдырылды. Стационарлар барынша толған жағдайда қосымша тағы 1 125 маман, сондай-ақ әскери лазареттерден 6 дәрігер мен 12 бірлік орта медициналық қызметкер, балалар санаторийлерінің жұмысын уақытша тоқтату есебінен 40 маман жұмылдырылатын болады», - делінген ақпаратта.

Пневмония мен ЖРВИ күдігі бар науқастарды емдеу үшін пульмонологиялық госпитальдар ашылды. Вирустық инфекциямен ауыратын науқастарға мамандандырылған жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді. ЖРВИ-ның алғашқы белгілері пайда болған кезде бірден телефон арқылы учаскелік дәрігермен (емханаға келудің қажеті жоқ) немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар