24 мам, 2020 сағат 06:41

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 90 адам тіркелді

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 адам тіркелді. Өсім 19,1 пайыз, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegramпарақшасына сілтеме жасап.

23 мамырдағы мәлімет бойынша, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесіне сәйкес 90 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. 

Тіркелген жағдайлардың 24-і скрининг нәтижесінде және 66-сы вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру кезінде анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. 

Ошақтарда залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Бүгінгі мәлімет бойынша облыста коронавирус жұқтырған 562 адам анықталған, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 190 науқас жазылып шыққан.