28 нау, 2020 сағат 18:33

Қарағанды облысында анықталған жаңа 3 жағдай туралы айтылды

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың жаңадан үш оқиғасы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Пациенттердің үшеуі де - әйел. Олар карантиндік госпитальға уақытылы орналастырылған. Сыртқы ортамен байланыспаған. 

Осылайша, бүгінгі күні Қарағанды облысында коронавирустың 7 расталған жағдайы тіркелді.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.