01 мау, 2020 сағат 15:10

Қапшағай маңында ерлі-зайыптылар мінген дельтаплан құлады

Алматы облысының Қапшағай қаласының маңында ерлі-зайыптылар мінген дельтаплан құлады. 24 жастағы әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«31 мамыр кешкі тоғыздар шамасында «Алматы-Өскемен» тасжолының 82-ші шақырымында, яғни, Бақанас ауылының маңында екі кісілік дельтапланның құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ұшу құралы - жекеменшік. 1996 жылғы азаматша зардап шегіп, Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді» делінген Алматы облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ұшқыштың сөзінше, олар шамамен 5-10 метр биіктікке көтерілген кезде дельтапланның қозғалтқышы өшіп қалған. 1979 жылғы азамат ұшу құралын шамасы келгенше басқара отырып, жолдың жиегіне құлаған. 

Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінің 10 маманы мен 3 техника барған.