05 ақп, 2018 сағат 14:27

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 25 879 теңге

2018 жылғы қантарда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 25 879 теңге, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қантарда өткен аймен салыстырғанда 1,1%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 15,9%, жемістер мен көкөністерді - 9,9%, сүт, нан және жарма өнімдерін - 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2%", делінген хабарламада.

 

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Күнкөрістіңең төменгі деңгейінің шамасы

25 879 

20 874

32 660

25 026

30 756

24 423

24 224

 Азық-түлік тауарлары

14 234

11 481

17 963

13 764

16 916

13 433

13 323

 Азық-түлік емес тауарлар

 мен көрсетілетін қызметтер

11 645

9 393

14 697

11 262

13 840

10 990

10 901

Еске сала кетсек, 2017 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 23 471 теңгені көрсеткен болатын.

Айта кетсек, ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қантардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.