13 мам, 2019 сағат 13:22

«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқастың неліктен қажет екендігін түсіндірді

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес орта салмақтағы WBC/WBA (Super)/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші айқасының болатынына сенімді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

«Орта салмақ - Сауль үшін өте жақсы салмақ деп ойлаймын. Головкинге келер болсақ, бұл айқас өтуі тиіс. Олардың алғашқы екі жекпе-жегі керемет болды. «Канелоның» онымен қайта айқасуына ешқандай кедергі жоқ. Екеуінің де үшінші айқасты өткізуге деген ниеті бар. Головкин - тарихты ойлайтын боксшы. Ол «Канеломен» тағы бір айқас өткізбей отставкаға кетпейді.

Бұл Головкинді ұлы чемпион атағына жеткізді - ол үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Оны демалысқа жібермей ұстап тұрған ішіндегі оты», - деген Гоместің сөзін келтіреді Sky Sports.