16 там, 2018 сағат 09:16

«Канелоның» промоутері Головкинді кемсітті

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя шәкіртінің 15 қыркүйектегі жекпе-жекте Головкиннен айқын басым болатынын айтты, деп хабарлайды inform.kz Sports.kz агенттігіне сілтеме жасап.

«Бокста үнемі өз өнеріңді жетілдіруге болады, оның ажары да сол. «Канело» алғашқы жекпе-жекті тамаша өткізді, екі есе артық ұпаймен жеңді деп ойлаймын. Рематчтар несімен қызық? Онда өз мәнеріңді өзгертіп, қарсыластың әдістеріне жақсырақ бейімделуге болады. «Канело» үнемі біркелкі баса-көктеп жұдырықтасатын Головкинге қарағанда, жекпе-жекке жақсырақ бейімделе алады, ол сонысымен мықты», - деді Де ла Хойя журналистермен сұхбатта

«Канелоның» промоутері Головкинді кемсітті


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kanelonyn-promouteri-golovkindi-kemsitti_a3357063