04 қар, 2019 сағат 08:40

«Канело» Ковалевтан тартып алған чемпиондық белбеуінен бас тартпақ

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Сергей Ковалевтан тартып алған WBO чемпиондық белбеуінен бас тартпақ, – деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Бұл туралы мексикалықтың командасының өкілдері мәлімдеген.

«Сауль орта салмаққа оралады», - дейді «Канелоның» командасы.

Еске сала кетейік, «Канело» Ковалевты он бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белдігін тартып алды. Нәтижесінде мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды.