29 қыр, 2018 сағат 19:17

«Канело» Головкинді жеңгеннен кейін тиімді ұсыныс алды

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайрдың хабарлауынша, орта салмақта WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің өкілдері нарықтағы алпауыт «ойыншылардан» бірқатар ұсыныстар алған, деп хабарлайды Sports.kz

Еске сала кетсек, 15 қыркүйек күні Альварес қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді ұтып кеткен еді. Бұл қос боксшы үшін де HBO тележүйесімен келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек болатын. 

Кеше белгілі болғандай, 2019 жылдан бастап HBO бокс кездесулерін көрсетуді тоқтатады. Осылайша, 45 жылға созылған телеарнадағы «бокс дәуірі» аяқталады. 

Сауль келесі жекпе-жегін 15 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр. 

«Жаңа ғана Эрик Гомеспен хабарластым. Оның айтуынша, HBO 15 желтоқсан күні «Канелоның» PPV жекпе-жегін ұйымдастыруға әзір. Алайда боксшы мен Оскар де ла Хойя мұндай мүмкіндікті талқылаған жоқ. Эрик Гоместің сөзіне сәйкес, оған Эдди Хирн мен Тодд дюБёф хабарласып, «Канелоны» тиісінше DAZN мен ESPN-ге шақыруға қызығушылық білдірген екен», - деп жазды Пагмайр Твиттерде.