20 қаң, 2021 сағат 13:45

Қанат Исламның жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0,21 КО) рингке оралуы тағы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Бұған дейін BoxRec.com порталы «Қазақтың» келесі жекпе-жегі 20 ақпан күні Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өтуі белгіленгені жайында ақпарат берген. Алайда белгісіз бір себептерге байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген. 

Бұған дейін қазақстандық боксшы өткен жылдың 16 қазанында, Американың Плант-Сити қаласында рингке шығуы тиіс еді, бірақ бұл кездесу кейінге қалдырылған болатын. 

Қанат Исламның осы күнге дейінгі соңғы жекпе жегі 2019 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында өтті. Онда ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Намибия боксшысы Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын қорғап қалған еді.