21 қаң, 2020 сағат 10:55

Қанат Исламның WBО рейтингіндегі көрсеткіші жақсарды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, – деп хабарлайды Sports.kz.

Ортақ салмақ рангі туралы кестеде WBO International титулының иегері, қазақстандық боксшы Қанат Ислам бесінші орыннан төртіншіге көтерілді.

Үздік үштікке мексикалық Хайме Мунгия, британдық Лиам Уильямс пен ирландиялық боксшы Люк Килер кіріп тұр. Орта салмақтағы WBO Әлем чемпионы – АҚШ боксшысы Деметриус Андраде.

Айта кетейік, Қанат Ислам 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквуға қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.