17 қыр, 2019 сағат 12:40

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

Қанат Исламның 26 қазанда Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Qazaq promotions» компаниясының instagram парақшасына сілтеме жасап.

Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі.

«Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады. Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында. 2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездескен», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам өзінің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін жариялаған болатын.

«Келесі жекпе-жек 26 қазанға жоспарланды. Оған жауапкершілік те үлкен. Осында АҚШ-тан менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес келді. Сол кісінің арқасында мен кәсіпқой боксты біліп, таныдым. Америкада әрдайым қолдап жүрді. Алматыда бақ сынағымыз келеді. Мақсатымыз – елімізді, әсем қаламыз бен оның табиғатын мақтанышпен таныту», - деді боксшы YouTube-тегі Qazaq Promotion каналында жарияланған видеода.