27 нау, 2017 сағат 08:02

Қанат Ислам өз лақап атын "QAZAQ" деп өзгертті

"Kazakh" деген лақап атпее танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бұдан былай "QAZAQ" деген атпен өнер көрсетпек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қанаттың лақап атының жазылуы өзгеретіні туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан хабарлады.

"Қанат Исламның лақап атының жазылуы өзгерді. Енді ағылшынша QAZAQ деп жазылады. Ал, оқылуы сол баяғыдай ҚАЗАҚ. Бұдан былай шортыдың алдынан KAZAKH емес QAZAQ деген жазуды көретін боласыздар", - дейді Берік Сұлтан.

PR менеджерінің айтуынша, Қанат жаттығу жұмыстарын бастаған.

"10 күннен кейін келесі жекпе-жектің уақыты мен күнін және қарсыласты айтамыз. Бұл жекпе-жек те титулды жұдырықтасу болуы мүмкін. Келіссөздер жүргізілуде", дейді ол.