21 мау, 2017 сағат 14:18

Қанат Ислам: Менің ойымша, Головкин жеңіске жетеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альврес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, Головкин жеңіске жетеді. Оған сәттілік тілеймін. Головкин - әлемдік жұлдыз, біз оның артынан еріп, білмегенімізді үйреніп жүрміз. Бірақ ол үшін бұл жекпе-жек оңайға соқпайды. Меніңше, кездесу 12 раундқа созылады", - деді Қанат Ислам Астанада баспасөз конференциясында. 

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.