27 қаз, 2019 сағат 08:37

Қанат Ислам кезекті жеңісіне жетті

Кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен қолғап түйістірді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Жекпе-жек он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен Қанат Ислам жеңіске жетті. Ол осылайша 27 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсіп отыр. Ол WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) белбеуіне қол жеткізді.

Аталмыш жекпе-жек Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.

Қазақстандық Қанат Ислам 2012 жылдың 28 қыркүйегінен бері кәсіпқой бокста сынға түсіп келеді. Бүгінгі күнге дейін 26 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында қарсыласынан басым түсті. Оның 21-ін нокаутпен аяқтаған.