27 мам, 2017 сағат 07:43

Қанат Ислам қарсыласын неліктен нокаутқа жібермегенін түсіндірді (Видео)

Қанат Ислам кезекті жеңісінен кейін қазақ еліне әлеуметтік желі арқылы алғыс айтып, қарсыласын неге нокаутқа жібермегенін түсіндірді. 

«Сіздерге жеңіс сыйлағаныма өте қуаныштамын! Қазақ елі менен нокаут күтті. Бірақ менің жаттықтырушыларым маған 12 раундтық жекпе-жек өткізуге тапсырма берді. Өйткені бізді ЭКСПО қарсаңында Астана, Алматыда үлкен 12 раундтық айқастар күтіп тұр. Соның дайындығы. Бұл - бокс! Мен сіздерге алдағы күндері үлкен жеңістер сыйлағым келеді. Алға қазақ елі!», дейді ол өз видео жолдауында.

Еске сала кетейік, бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatiоn белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (24-0, 19 КО) бүгін мексикалық Норберто Гонсалесті (24-9, 13 КО) ұпай санымен ұтқан болатын.