06 нау, 2018 сағат 09:09

Қанат Бозымбаев өз орынбасарының парамен ұсталуына қатысты пікір білдірді

Осыған дейін Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен аталған министрліктің бірқатар лауазымды тұлғалары «пара алған деген» күдікпен ұсталған.

Осы орайда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің министрліктің вице-министрі және департамен басшылары қамауға алынған болатын. Бұл жағдай энергетика министрлігінің ұжымына ауыр тиді. Бірақ аталған мәселеге қатысты сұрақтарды құқық қорғау органдары мен қорғаушыларға қою керек», - деді министр Үкімет отырысынан шыққан соң.

Осы орайда журналистер Қанат Бозымбаев кезекті сауалдарын жолдады:

«Егер олардың кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетпейсіз бе?» - деді БАҚ өкілдері.

«Мен ол жағын білмеймін. Менің алдымда ондай мақсат жоқ», - деді Энергетика министрі.