02 қыр, 2017 сағат 23:11

Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды (видео)

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдеге ие болды.

Жерлесіміз ақырғы айқаста әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовпен жұдырықтасып, 4-1 есбебімен есе жіберді.

Айта кетсек, бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатын алты жүлдемен аяқтады. Атап айтсақ, Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) және Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдеге қол жеткізсе, Әділбек Аманқұл күміс медальға ие болды. Ал, 56 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты.