#
#
Дүйсенбі 24/02/2020

Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

  • 16.01.2020
  • 0
  • 214

Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы).

2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы.

2011-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

«Даңқ» орденінің кавалері.

Полиция генерал-полковнигі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар