#
#
Cәрсенбі 17/10/2018

Калифорнияда жылқылар 1 доллардан сатылатын болды

  • 10.10.2018
  • 0
  • 953

Қазан айының ішінде АҚШ-тың Солтүстік Калифорния штатында 1000-ға жуық жабайы жылқы бір жерге айдалып әкелінбек. Кейін олар сатылымға шығарылып немесе сенімді адамдарға беріледі. Сонымен бірге, жергілікті шенеуніктер жануарлардың қасапханаға да жіберілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат mnn.com-ға сілтеме жасап.

Жабайы жылқылар Орегон штатының шекарасына жақын орналасқан Модок ұлттық паркінің үстіртін мекендейді. Калифорниядағы жабайы жылқылардың үйірі АҚШ Федералдық орман басқармасының бақылауында болып отыр. Жылқыларды айдап әкету 9 қазанда басталып, бір айға созылады.

Айдалған 1000 жануардың 700-ге жуығы буаз биелер немесе 10 жастан аспаған жас мал. Олар арнайы мекемеге айдалатын болады. 10 жастан асқан жануарлар уақытша ұстау пунктіне жіберіледі. Олардың біреуінің бағасы 125 АҚШ доллары болмақ. Бұл баға 30 күн өзгермейді, бұдан кейін 1 жылқының бағасы 1 долларға дейін түседі.

Жабайы жылқылар қасапханалардан бөлек ранчо немесе басқа да жерлерге жіберілуі мүмкін.

Федералдық шенеуніктер жабайы жылқылар мекендейтін аумақ олар үшін тар болып жатқанын айтуда.

«Біздің аумағымызда 206-дан 402-ге дейін жануар болуы тиіс, ал бізде болса, 4000-ға жуық жылқы жайылып жүр», - деді Модок ұлттық паркінің бас ғылыми жетекшісі Аманда МакАдамс. Оның айтуынша, жануарларға азық пен су жетіспейді. 

Федералдық шенеуніктер жылқылардың неғұрлым көп санын жайғастырғысы келетінін айтты. Бірақ Федералдық орман басқармасының өкілі Кен Сэндуски үкіметтің «олардың бәрін жайғастыра алмайтынын» айтуда.

Жабайы жылқыларды қорғау бойынша американдық науқан өкілдері Федералдық орман шаруашылығына қалыптасқан жағдайда гуманистік шешім қабылдап, барлық істі біртіндеп атқаруға шақырды. Бірақ Үкіметтің көзқарасы бойынша, осындай шаралар жағдайды өзгерте алмайды.

«Жабайы жылқылар популяциясының 20-25 пайызға өсуі кезінде бұл жерде тек биылғы жылы 800-1000 жабайы жылқы құлындаған, сондықтан біртіндеп жасалған қадамдар нәтижесіз», - деп мәлім етті жергілікті билік өкілдері. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР