12 сәу, 2019 сағат 12:10

Қаламқастағы апат салдарынан қоршаған ортаға 98,7 млн теңге көлемінде залал келген

Қаламқас кен орнында болған апат салдарынан қоршаған ортаға 98,7 млн теңге көлемінде залал келген. Облыстық экология департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс нәтижесінде 4 әкімшілік іс қозғалып отыр. Яғни, Қылмыстық кодекстің 327, 328, 332 және 337 баптары бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Департамент экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ұсыныс жолдаған. Енді экологиялық аудит жүргізу міндеттелмек. Аудит бойынша апаттық жағдайларға жол бермеу жағын қарастыру көзделген.

«Бұрғылау жұмыстарын жүргізген «Се Бу» ЖШС-не міндеттеме қойдық. Яғни, олар маусым айына дейін оқиға орнындағы апат салдарын жойып, лас топырақты, суды тазалау жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауы тиіс. Сонымен қатар, сот тәртібімен біз берген мемлекеттік сараптама қорытындысы және экологиялық рұқсат құжаттарының күшін жою жұмыстарын қолға алып жатырмыз», - дейді Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Төкенов.