05 қаң, 2017 сағат 10:27

Қадыр ақынның көз жасы (Видео)

- Бұл күні қазақтың Ұлы ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Республикалық «Тарлан», Халықаралық «Азияс» (моңғолшадан аударғанда «талант») сыйлықтарының иегері Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі  дүниеге келген. Ол 1935 жылы Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 

1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. 1962-1965 жж. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры болды.