15 мам, 2018 сағат 20:51

Қадалған жерінен қан алмай қоймайды - Дәленов вице-министр Жүнісова жайлы

Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов жаңа әріптестері - Дана Жүнісова мен Мадина Жүнісбекова туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Дана Жүнісовамен Еуразиялық экономикалық одақ аясында 4 жыл  жұмыстас болдық. Ол "Атамекен" палатасынан болатын, тәжірибесі өте мол. Әлі сонда жұмысын жалғастырып жатыр, бүгін интеграция бойынша іссапарда. Жеке қасиеті туралы: қадалған жерден қан алады. Істі аяғына дейін жеткізеді. Ол "Атамекенде", ал біз министрлікте болғанда істі аяқсыз қалдырмайтын. Соңына дейін жеткізетін. Еуразиялық одақ бойынша әріптестерге де қатысты сол", - дейді Дәленов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар, ол Мадина Жүнісова туралы да айта кетті. 

"Осыған дейін үкімет басшысының кеңсесінде еңбек етті, экономикалық өсімді күшейту бойынша жобалық кеңсе мәселелерімен айналысты, бірнеше министрлікке жетекшілік етті. Халықаралық ұйымдармен де қарым-қатынаста болды және стратегиялық жоспарлау мәселелерімен айналысты. Біздің министрлікте де осы бағытта істейді. Одан жаңа әдістер күтеміз. Тәжірибесі мол", - деп атап өтті ол.

2018 жылдың сәуірінде Дана Жүнісова мен Мадина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.