08 ақп, 2019 сағат 08:43

Қабырғасыз әлем. Шекарасыз өлең

8 ақпан күні Қазақстан Жазушылар одағында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Жырлайды жүрек..." атты дәстүрлі ән-жыр кеші өтеді. Өлең кеші "Қабырғасыз әлем. Шекарасыз Өлең." атты дүниежүзілік әдеби акция аясында ұйымдастырылып отыр.

"Қазақ поэзиясының Хан Тәңірісі Мұқағали Мақатаевтың биылғы туған күнін Қазақстан Жазушылар одағы "Қабырғасыз әлем. Шекарасыз Өлең." атты дүниежүзілік әдеби акцияның аясында өткізгелі отыр. Ертең болатын ақынның кешінде Қазақ Елі де бұл әлемдік поэзия қозғалысына өз үнін қосып, Үндеу қабылдайды. Бұл ірі xалықаралық шараның Мұқағалидің туған күніне сай келуінің өзі жақсы бір заңдылықты айғақтап тұр" дейді Қазақстан Жазушылар одағы Төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек.

Кеш 8 ақпан күні, сағат 17:00-де Жазушылар Одағының Әдебиетшілер үйінде өтеді. Мекен жайы: Абылайxан, 105.