26 ақп, 2020 сағат 15:16

Кабулда Ауғанстан бас прокурорының кеңсесі маңында жарылыс болды

Сәрсенбі күні Кабул қаласындағы бас прокурордың кеңсесі маңайында қатты жарылыс болды. Бұл туралы Ауғанстанның Ariana News телеарнасы жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қолда бар мәлімет бойынша, жарылыс Дарул-Аман көшесінде болған. Жарылғыш құрылғы мотоциклге орнатылуы мүмкін.

Жергілікті полиция аталған ауданда жарылыс болғанын растады және оқиға салдарынан құрбандар болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Әзірге жарылыстан зардап шеккендер мен құрбандар туралы нақты деректер жоқ.