26 шіл, 2016 сағат 19:53

Қ. Жолдыбайұлы: Алғашқыда «умеренный» болады, сосын радикалға өтеді

Такфирит бірден қолына қару алып такфирит болып кетпейді. Алғашқыда «умеренный» болады, сосын радикалға өтеді. Әуелі мінезі өзгереді, қоғамға деген көзқарасы айниды. Айналасының бәрі ширк жасап, бидғат пен күнәға белшеден батып жүрген тозақтық жандар болып елестейді. Қоғаммен түсінісе алмаған жан, өзін үнемі бөтен сезінеді. Айнала біткеннің бәрін дұшпан санайды. Әуелі дос-жаран, таныстарынан, кейіннен туыстарынан айрылады. Бара-бара кең дүние тарылып, қара түнекке айналады. Өмір сүру қиындай береді. Ел қатарлы жұмысқа тұрып, онда тұрақтап жұмыс істей алмайды. Болашағы жоқ. Енді не істейді? Бұдан шығар жол не? Тезірек кету. Қайда? Жұмаққа. Оңайы осы деп ойлайды.

Такфириттердің көбісінің алғашқыда умеренныймыз деп жүрген елге танымал сәләфи уағызшыларының шәкірті болғандығы айтылып жүр. Бұл жай сылдыр су ақпарат емес деп ойлаймын. Ақида, негізгі діни көзқарастары мен бидғат, ширк, таухид түсініктері, оқитын негізгі әдебиеттері бірдей болғандықтан, радикалныйдың умеренныйға, умеренныйдың радикалға өтіп кетуі табиғи құбылыс. Қай жағының уағызы пәрменді болса, сол жаққа өтіп кете береді. Өйткені екеуі де ағайынды егіз идеология. Оларды дүниеге әкелген әке-шешесі бір.

Мен осыған дейін де айтатын уәждерімді айттым. Қалғанын тиісті мекемелер шешер.

Қайрат Жолдыбайұлының фэйсбуктағы парақшасынан