20 там, 2019 сағат 17:43

Италиялықтар Семейде деректі фильм түсіріп жатыр

Италиялық журналистер Семей қаласында деректі фильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды қаланың ақпарат орталығы.

Италиялық журналистер Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей көптеген жылдар бойы ядролық полигонды зерттеумен айналысады. Олар сол уақыт аралығында Фукусиму мен Чернобылде болған. Табиғат пен жергілікті тұрғындарға ұзақ жылдар бойы залал әкелген Семей ядролық полигонын да назардан тыс қалдырмады. Италиядан келген қонақтар қазір Семейде сынақ өткізілген жылдары қандай жағдай болғаны, бұрынғы полигонның орнында қазір не болып жатқаны туралы деректі фильмде айтылады.

«Біз Қазақстанда турист ретінде емес, жұмыс істеуге келдік. Таңертең Балалар үйінде болдық. Ол жерде дамуында ауытқулары бар балаларды көрдік. Бұған қарау өте қиын. Полигонмен болған жағдайдың салдары сіздердің еліңізде, осы өңірде өте қатты байқалады. Бізге осындай адамдармен жұмыс істеу және бұны көру өте қиын соғуда», - деді журналист-фотограф Пьерпаоло Миттика.