#
#
Бейсенбі 22/08/2019

Италияда туристер мінген автобус аударылды: Жапа шеккендер ішінде ҚР азаматтары бар

  • 22.05.2019
  • 0
  • 730

Бүгін Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер бар автобус аударылды. Көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болды, шамамен он адам түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

«Барлық зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, төртеуі ауыр жағдайда. Алдын ала деректер бойынша, апатта зардап шеккендердің арасында қазақстандық азаматтар бар» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, қазақстандық консул Рим қаласынан оқиға болған Сиена провинциясына жолға шықты. Толығырақ ақпарат оқиғаның барлық мән-жайын анықтағаннан кейін беріледі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар