26 нау, 2020 сағат 09:05

Испания вице-премьері коронавирус жұқтырды

Cәрсенбі күні Испания үкіметі вице-премьер Кармен Кальво COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Сейсенбі күні К.Кальво коронавирусқа сынама тапсырған. Бірінші тест індеттің жоқтығын көрсеткен. Бірақ дәрігерлер оны нақты қорытынды деп санауға болмайтынын айтқан. Солай, вице-премьерден тест тағы бір рет алынып, ол оң болып шыққан. 

Испания үкіметінің хабарлауынша, 63 жастағы Кармен Кальвоның жағдайы жақсы, қазіргі кезде ол барлық қажетті медициналық көмекті алуда.