02 қыр, 2016 сағат 06:20

Ислам Кәрімовтің жерленетін орны мен уақыты белгілі болды (Фото)

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің туған жері Самарқанда мемлекет басшысын жерлеу рәсіміне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы 1 қыркүйекте "Ферғана" порталы, "Озодлик радиоси" және "Өзбекстанның халық қозғалысы" сайты хабарлады. 

"Өзбекстан басшысының өлімі әлі күнге ресми түрде жарияланбады. Біздің мәліметімізше, жұма күні ресми түрде жарияланады. Ал сенбіде, 3 қыркүйекте 78 жастағы презиенттің денесі жер құшағына беріледі", - деп жазды "Ферғана". Басылымның мәліметінше, президенттің денесі бар ұшақ Ташкенттен ұшып шығыпты. 

Агенттік тіпті жерлеу рәсіміне байланысты атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының суреттерін де жариялап отыр. 

Ал өз кезегінде "Свобода" радиосы Самарқанға Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияевтің келгенін хабарлап отыр. Радиостанцияның мәліметінше, қаланың бір бөлігі қоршауға алынған, көшеде мыңдаған абаттандырушы жұмыс істеп жатыр.


kaz.tengrinews.kz