02 қыр, 2016 сағат 07:38

Ислам Кәрімовтің жағдайы өте ауыр - Өзбекстан үкіметі

Өзбекстан үкіметінің мүшелері ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр халде жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Өткен тәулікте президентіміздің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлердің оның жағдайы тым ауыр деп бағалап отырғанын зор күйінішпен хабарлаймыз", - делінген министрліктер кабинетінің хабарламасында. "Осыған дейін мемлекет басшысы Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімовтің өткен сенбіде инсульт алып, ауруханаға түскені хабарланған болатын", - деп еске алды үкіметтегілер. 

Еске салайық, осыған дейін 1 қыркүйекте "Ферғана" порталы, "Озодлик радиоси" және "Өзбекстанның халық қозғалысы" сайттары Ислам Кәрімовтің жерленетін уақыты мен орнын атаған болатын. 

kaz.tengrinews.kz