12 қаң, 2017 сағат 11:16

Ислам Кәрімовтің кітабы сатылым рейтингінде бірінші орын алды

Ташкенттегі "Кітап әлемі" жәрмеңкесінде Өзбекстанда 2016 жылы сатылған кітаптардың рейтингі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"Қоғамдық-саяси әдебиет" бөлімі бойынша рейтингте бірінші орында Ислам Кәрімовтің "Юксак маънавият – енгилмас куч" кітабы тұр. Өзбекстанның алғашқы президентінің тағы үш шығармасы осы жанрда танымал бестікке енді.

Рухани-ағартушылық әдебиетте үлкен сұранысқа ие шығармалар арасында шейх Мұхаммад Содик Мұхаммад Юсуфтың «Руҳий тарбия» және Тахир Мәліктің "Меҳмон туйғулар", "Одамийлик мулки" кітаптары аталды.

"Көркем әдебиет" бөлімінде Өзбекстандағы оқырмандар Уткир Хашимов, Марсель Брион және Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын атаған. Ал ең жас оқырмандар Худайберды Тухтабаев, Джонатан Свифт және Гафур Гулямның шығармаларын таңдаған.