10 там, 2018 сағат 14:37

Исекешев өкілетті органдарға көмірдің бағасын өсіруге жол бермеуді тапсырды

Күз айында қатты отынды сатып алу кезінде халық арасында айқай-шуға жол бермеу үшін, Астана әкімі көмірдің бағасы өсіп кетпеуін тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ әкім тұрғындарды жоспарланған көмірді жеткізуді IKomek (109) қызметі арқылы хабарлап отыруды тапсырды.

Сонымен, Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиын барысында көмірді іске асыру мәселесі жөнінде әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, басқарма басшылары, мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ, көмір өнімін іске асыратын 7 алдыңғы қатарлы компания және басқа да өкілетті органдардың өкілдері талқылады.

Нарықтағы көмір туралы ахуалмен Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов баяндады. Ол қазіргі таңда Астанада көмір өндіретін 7 іске асырушы барын айтты. Жалпы қорда 7 тамыздағы жағдай бойынша 9590 тонна көмір бар.

«Магнит 21 ғасыр» ЖШС-де Шұбаркөлдің 1700 тонна (14500 теңге) және Кузнецкінің (12000 теңге) көмірі бар.  «Айткожынова» ЖК Майкөбенің 500 тонна (10 000 теңге) көмірі бар, «Умар KZ»  ЖШС - 1000 тонна Қаражыраның (13500 теңге), «Северэнергоугольснаб» ЖШС - 4800 тонна Қаражыраның (13000 теңге) көмірі бар», - деді Е. Төлеуов.

Оның айтуынша көмір төңірегіндегі әлеуметтік тартыстың бір себебі, сату кезеңі шарықтаған кезде көмірдің жетпей қалуынан туындайды.

«Бұл қатты отын жағатын қала халқының күн суыта бастағаннан жаппай көмір сатып алуымен байланысты. Сатылым қызған кезде көмірдің бағасы да шарықтайды. Сондай-ақ көмір тасымалына тапсырыстың көп түскендігінен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан да вагондардың жетіспеушілігі байқалады», - деді Е. Төлеуов.

Осыған байланысты әкім «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ астанаға көмір жеткізетін вагондармен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алуын тапсырды. Ал энергетика басқармасы көмірді іске асыру бойынша бақылауды күн сайын жүргізіп, ыстық желінің жұмысын жандандыруын міндеттеді.

Сонымен бірге «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Саурбаев әлеуметтік тартыстың болмауы үшін көмірді айтарлықтай мөлшерде тасымалдаудың қарқынды жұмыстары жаз маусымында-ақ басталып кеткенін айтты.

«Астана үшін коммуналдық-тұрмыстық көмірді артуда теміржол транспорты арқылы 60,5 мың тонна яғни өткен жылмен салыстырғанда 17,8 тонна көп жеткізілді. Біз жүк артушылармен осы жаз кезеңінде көмірді максималды түрде артуын, күзде көмір тасымалдаудың арасы үзілмеуі туралы жиын өткіздік», - деді Қ. Саурбаев.

Қалалықтардың қатты отынға деген үлкен сұранысын назарға алған Әсет Исекешев кәсіпкерлерге көмір өнімін жеткізетін кестені ұсынуды тапсырды және күн сайын тұрақты түрде 109 ыстық желісі арқылы қалған көмір мен жеткізілуі тиіс жоспарланған көмір туралы нақты және расталған ақпаратты қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа өкілетті органдарға Қосман Айтмұхаметтің төрағалығымен штаб құрып, көмір мен жанар-жағармайға қатысты барлық мәселені шешуді бақылауға алуды тапсырды.

Мемлекеттік кірістер департаменті мен Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен бірлесіп, көмірдің бағасының өспеуіне жол бермеудің алгоритмін қарастыруды тапсырды. Егер анықталған жағдайда заңда қарастырылған қажетті шаралар жүргізіледі.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті өткен жылы аталмыш нарықта осы жайтты анықтау үшін талдау жүргізген болатын. Осы жылы «Северэнергоугольснаб» ЖШС,  «Медина Трэйд» ЖШС, Айткожынова ЖК және «Умар KZ» ЖШС және «Жигер Астана» ЖШС қатысты тексеруді аяқтады. Соттың шешіміне сәйкес аталған субъектілер жалпы көлемі 7 млн теңге құрайтын монополиялық 20 млн теңге табысымен тәркілейтін әкімшілік айыппұл салынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

«Астана - Энергия» АҚ мәліметінше, 2017/18 жж. жылу маусымы кезеңінде көмірді тұтыну 2 млн 945 мың тоннаға жеткен. Оның ішінде энергия көздері - 2 млн 545 мың тонна, ал халық мұқтаждығы үшін - 400 мың тонна болған.

Астана әкімдігі елорда тұрғындарының барлығына көмірдің бағасы қымбаттамай тұрып және кезек көбейіп, әлеуметтік дау-дамай туындамай тұрғанда ертерек сатып алуға шақырады.