09 қаң, 2020 сағат 13:20

Ирандағы трагедия: Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өз болжамын айтты

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың құлауына дрон себепкер болуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды РИА «Новости».

«Ел билігі ұшақтың құлауына бірнеше себеп бар болуы мүмкін екенін айтты. Оның ішінде терракт салдарынан болған жарылыс, зенитті зымыранмен атқылау, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты қозғалтқыштағы жарылыс, дронмен немесе басқа да нысанмен соғылуы мүмкін деген ойда» делінген хабарламада.

8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын.