#
#
Сейсенбі 21/11/2017

Иран билігі: Зілзала құрбандары саны 164-ке жетті

  • 13.11.2017
  • 0
  • 332

"Иран-Ирак шекарасындағы күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетіп, жараланғандар саны 1600-ден асып кетті" деп хабарлады Иран ішкі істер министрлігі. Ведомствоның 13 қарашада таратқан ақпаратына қарағанда, қуаты 7,3 магнитудаға жеткен зілзаладан Керманшах провинциясы ең көп зардап шеккен. Зілзала дүмпуі Түркиядан Кувейтке дейінгі аймақта сезілген.

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағы Ирактың солтүстік-шығысындағы Халабджа қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 32 километр қашықтықта, жердің 33,9 километр тереңдігінде тіркелген. Тегеран университетінің сейсмологиялық орталығы ақпаратына қарағанда, зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 21:48-де болған.

Иранның ресми ақпарат агенттігі жергілікті шенеунікке сілтеме жасап, зілзала құрбандарының саны артуы мүмкін екенін хабарлады. Иран билігі төтенше жағдайлар қызметі құтқару жұмыстарына 13 қараша таң ата кіріскенін хабарлады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар