05 мау, 2020 сағат 11:38

Ирак жағалауында ирандық жүк кемесі суға батып кетті

Ирандық жүк кемесі Иракқа тиесілі аймақта суға батып кетті. Бортта жеті экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

Оқиға сейсенбі күні болды. Ираннан Ирактың Умм-Каср портына бағыт алған кеме құрылыс материалдары мен керамиканы алып бара жатқан. Келеңсіз жағдайдың себептері анықтау жұмыстары қолға алынды. Агенттіктің хабарлауынша, Тегеран тергеуге Иран сарапшыларын қатыстыру жайлы Бағдатпен кеңесіп жатыр.

Агенттік экипаж мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бар-жоғы туралы мәлімет жоқ.

Al Arabiya телеарнасы Ирак теңізшілері төрт ирандықты құтқарып қалғанын хабарлады. Басқа теңізшілерді іздестіру жалғасып жатыр.