12 қыр, 2019 сағат 08:14

Индустрияландыру аясында машина жасау саласында 114 жоба іске асты - министр

Қазақстанда Hyundai компаниясымен бірге автокөлік шығару жобасы қолға алынды.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машина жасау саласында ашылған бір жұмыс орны ілеспе салаларда 5-6 жұмыс орнын ашады. Индустрияландыру бағдарламасы қолға алынғаннан бері машина жасау саласында 114 жоба іске асты. Саланы ынталандыру үшін Үкімет қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктер беріп, жеңілдетілген несие, лизинг, экспорттық қолдау шараларын ұсынып отыр. «Өндірістік кооперация» бағдарламасы қолға алынды. Осының арқасында отандық машина жасау өнеркәсібіне «Глобал-2000» тізіміне енетін Alstom, General Electric, СМС, Jac-Motors, Hyundai сияқты ірі трансұлттық корпорациялармен әріптестік орнады», - деген министр экспорт аясын арттыру үшін әлемдік бренд өндірудің алғашқы қадамдары жасалып жатқанын атады.

«Экспортқа шығаратын өнім аясы кеңіп келеді. Біз қосымша құнның ғаламдық тізбегіне сәтті ене бастадық. Сәуір айында коперациялық байланыстырды дамыту үшін Ресей мен Қазақстан арасында бірлескен әрекеттер жоспары қабылданды. Осы айда Hyundai автомиобильдерін шығаратын Қазақстандағы тұңғыш зауыт іргесін қалады. Қытаймен серіктестік аясында көлік дөңгелектері мен қозғалтқыштарын жасайтын зауытты іске қосу жоспарланған. Қазірдің  өзінде машина жасау салаларының арасында автомобиль өндірісі көш бастап тұр. Бұл сөзсіз қуанарлық жайт. Бүгінде бізде автокөліктің барлық санаты өндіріледі. Елімізде 167 автомобиль моделі құрастырылады. Оның ішінде 39 жеңіл көлік моделі, 22 әлемдік бренд шығарылады. Инудстрияландырудың екі бесжылдығында ірі желілік құрастырудан ұсақ желілік құрастыру деңгейіне шықтық.  2010 жылдан бері өндіріс көлемі 8 есе артып, 4000 данадан 32 мың данаға жетті. Автоөндірістің машина жасау саласындағы үлесі 19 пайызды құрап отыр. Биыл да осындай өсім деңгейі сақталатын түрі бар. Қазірдің өзінде 56 пайыз өсімге қол жеткізілді», -деді Роман Скляр.