#
#
Дүйсенбі 25/06/2018

Нараду

  • Сөзіміз жоғалса, өзіміз де жойыламыз

    • 03/10/2016
    • 0
    • 1673
    Тіл мен ойдың біртұтас екендігін ғылым әлде­қашан дәлелдеп қойған. Адам баласының нені қалай ойлайтыны, қандай дәрежеде пайымдайтыны оның әрбір сөзі арқылы айқындалмақ. Сондықтан да, қазақ баласының кімді болса да бірауыз сөзінен танып-білуінің өзінде терең мән бар. Белгілі бір тұлғаның қаншалықты ақылды немесе ойсыз пенде екендігін ең алдымен оның аузындағы сөзі анықтап береді. Жай әдеттегі бір сұхбаттасудың өзінде көңілге қонымды, жадыңда сақталар, «шынымен де солай екен-ау» дегізер ойлы сөз айта білген адамды ақылдың кені деп тануға болатын сияқты.
  • Светқали Нұржан: Мем.сыйлық – менің бейітімнің басындағы көк құлпытас емес

    • 21/09/2016
    • 8
    • 18590
    Ал менің байғызым мен өлгенде де моламның атанағында сұңқылдап тұра береді. Оған күмән жоқ. Тек, жалғыз байғыз жыламаса екен, көбірек күлсе екен деп дұға қылып жүрем. Өйткені ол жыласа – жаманшылық, күлсе жақсылық болады. Міндетті түрде!
  • Дос Көшім: Ұлттық мемлекет ретінде дамуымызға екі үлкен топ кедергі келтіріп отыр

    • 08/09/2016
    • 5
    • 52307
    Құжаттың қазақшасын ысырып, орысшасын оқып отырған мемлекеттік мекемелер қандай мемлекеттік идеология жүргізеді?! Парламентте отырған депутаттарымыздың үштен бірі қазақ тілін білмесе, жоғары лауазымды шенеуніктер, министрлер мемлекеттік тілді білмегеніне ыңғайсызданбаса, бұған не айтамыз?!
  • «Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ…»

    • 05/09/2016
    • 0
    • 1935
    …Төңірекке қарасаң, түнерген бұлттар әлі бар. Түбі қандай болады екен деп қобалжымалық…
  • Ержан қажы Малғажыұлы: "...Сен оқи­тын дұрыс намаз – мынау деп, дәстүрлі дін­нен алшақтата бастайды"

    • 27/08/2016
    • 5
    • 1899
    "Әрине, біздің заманымыздың имамы­ның, молдасының бейнесін бүгінгі әде­биет­тен көргіміз келеді. Ақын болсын, жазу­шы болсын, олардың әрқайсысының өз әлемі бар. Олар қаламдарына қуат берген тылсым күшті – Хақты мойындайды. Бү­г­інгінің ақыны, не жазушысы дін тақы­ры­бына қалам тербегісі келсе, дінді қара­ла­майтынын білеміз. Себебі, жаны нәзік, се­зімтал қауым Құдай барын өздері де се­зеді..."
  • Дәурен Бабамұратов: Жерді жалға беру туралы мораторийді созу - халықтың жеңісі

    • 13/08/2016
    • 4
    • 2534
    Жерді жалға беру туралы мораторийді созу - халықтың жеңісі. Бұл туралы бүгін Жер мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Дәурен Бабамұратов мәлім етті
  • Мұхтар Тайжан: Патриоттық көрсеткен халыққа рахмет айтуымыз керек

    • 13/08/2016
    • 4
    • 3953
    Бiздiң комиссиямыздың жұмысы жемiстi болды деп есептеймiн. Үш айдың iшiнде осындай шешiмге келдiк. Жасыратыны жоқ, бұл ұсынысты бiзде талқыладық. Менiңше, мұндай шешiм бүгiн қабылданса, онда халықтың көңiлiнен шығады. Себебi, бес жыл жер ешкiмге сатылмайды, шетелдiктерге жалға берiлмейдi. Халықтың қалауы сол болды. Ал бес жылдан кейiн тағы да бiз аман болсақ, ел боламыз, тағы да қарастыруға болады», - дейді М.Тайжан
  • Дулат Исабеков. Сөз бар, құлақ жоқ, құлақ болса, құлық жоқ

    • 12/08/2016
    • 3
    • 4774
    Жасымыз біразға келген соң қоғамдағы құбылыстарды бұрынғы кезеңмен салыстырып қараймыз. Ал отыздың ар жақ бер жағындағы жастар бұрынғы уақытта сөздің әсерінің қандай болғанын көрмеген соң салыс­тыра алмайды. Коммунистік партияның бәрімізді бұйдалап ұстап тұрған тұсында да кез келген саладағы кемшілікті айтуға, жазуға болатын, директордың, орынбасардың өзге де лауазымды қызметкерлердің жұмысы сыналатын, бірақ партияға тіл тигізбейтін.
  • Қабдеш Жұмаділов: Ешкімнің әкесінен қалған мемлекет жоқ

    • 28/06/2016
    • 3
    • 4169
    Ұлтты жою саясаты жоспарлы түрде іске асып жатыр. Ұлттың жаны бар. Ал, оны құрытудың бірнеше тетігі бар. Соның бірі – жер. Жерден айырылған ұлт жойылады. Тағы бірі – тіл. «Сөзі жоғалған ұлттың өзі жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтып кетті. Үшінші мәселе – тарих. Тарих халықтың – жады, зердесі. Оған кесір тисе, ұлтты ұстап тұратын ештеңе қалмайды.
  • Асқар Жұмаділдаев: Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек

    • 28/06/2016
    • 7
    • 6463
    Қазақ тілінде бастауышқа, орта мектепке лайық жеткілікті тіл бар. Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?! Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар