Аға, Алтеке, Алтынбек аға… Он екі жыл өтіпті. Бір мүшел! Кім сенеді? Қарап отырсам, өзіңіз туралы мардымды естелік жаза алмаппын. Талай талпынып та едім. Жыл сайын, қыста, күзде, жылына кемі екі рет сұхбат беріп, дәстүрлі жиындарда сөз сөйлегенім болмаса, өзіңіз туралы арнайы естелік жазбаппын, аға. Өйткені сенбедім. Әлі де сенер емеспін.