А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында латынграфикалы жаңа әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың нормативтік-лексикографиялық және лингвистикалық базасын әзірлеуге байланысты бағдарламалық-нысаналы зерттеулер жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жоспарлы жұмыстардың маңыздыларының бірі – Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің жаңартылған нұсқасын әзірлеу.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық
Ресей Федерациясының Орынбор облысында тұратын қазақтардың ана тілін сақтап қалуына және дамытуға қолдау көрсетіп, ана тілін оқытып жүрген мұғалімдерге оқу-әдістемелік көмек беріп келеді.
Мәтіндерді автоматты аударма жасау үшін, сөздердің емлесі программа үшін аса қажет. Түптеп келгенде, әліпби ауыстыруда ең алдымен, осындай сөздердің емлесін нақтылап алуымыз қажет.
Ілгері жылдары ел Президентін сайлау науқаны болып өткені белгілі. Міне, сол айтулы оқиғада басты үміткерді жарнамалайтын ұранымыз «Біз Елбасыға дауыс береміз!» деген ұранмен берілді. Осы бір жай сөйлемде кешірілмес қате кетті.