#
#
Сенбі 16/12/2017

Редактор бағаны

  • Шерхан Талап. Бұлыңғыр күннің артынан бұлтты түре күн шығар…

    • 26/07/2016
    • 4
    • 3628
    Аздаған күндерден соң қой жылына қош айтып, мешін жылына аяқ басамыз. Қарбаласқа толы жыл да қардай еріп, көз алдымызда жоғалып барады. Жыл басында кезектен тыс Президент сайлауын өткізіп, 97,7%-бен 25 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Әбішұлын тағына қайта отырғыздық; төл теңгемізді еркін айналымға жіберіп, артынша 20 мың теңгелік купюраны қалтаға бастық; үшінші қазақ ғарышкерін аспанға ұшырып, «Халық қаһарманы» деген атақпен күтіп алдық; «Қазақта бұрын мемлекет болған жоқ» деп көсемсіген Путиннің сөзінің қайтарымындай Қазақ хандығының 550 жылдығын тойладық. Ел болып тойлаған елеулі оқиға барша алаш жұртының рухын көтеріп, бір серпілтіп тастағаны анық. Ірілі-ұсақты оқиғаларды тізе берсек, осылай жалғаса береді. Бәрі де тарих қойнауына кетті. Бұл жылы Герольд Бельгер, Дидахмет Әшімхан, Тұрсынбек Кәкішев, Әбіш Кекілбаев сынды алыптардан айрылып, қастерлі қара жер «енді осындай Ұл таба алар ма екенмін» дегендей ауыр күрсінді. Батырхандай талантты мәңгілік жер қойнына тапсырып, Сайлаубектей сайқымазақтарды киелі сахнада тайраңдаттық.
1 2
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар