«Мама» сөзін біз қазір қазаққа орыспен келген сөз деп ұғамыз. Алайда, қазақтың орыспен еш араласы болмаған және сол тілде бір ауыз сөз білмейтін отбасыларда да жаңа туған сәбидің алғашқы сөзі «мама» болып шығатыны қалыпты жағдай екені баршамызға белгілі.
Құрметті оқырман, бүгін біз мейлінше қызық тақырыпта әңгіме қозғап көрсек дейміз. Сізге қызық па, жоқ әлде «мұндай қызығыңа болайын» дейсіз бе, оны әңгіме соңында айтарсыз. Ал қазір уақытыңызды алмай әңгімеге көшсек…
Бөлме. Жарық түсіп тұр. Ақырын Бади деп жазып көрдім. Жазуым сенімсіз болды ма, айқыш-ұйқыш шықты. Сонсоң қаламымды қаттырақ батырып БАДИ деп жаздым. Алдыңғысынан әдемілеу шықты. Бади кім дерсіз?
Мал баққан, жер емген қарапайым қазақтың тіліне үңілсеңіз шетел атаулырының мүлде өзгеше, қалай болса солай «берекесіз» дыбысталатынын байқайсыз. Трәктір, мәгәзін, прәндік, пәмпріс...