Бiздiң комиссиямыздың жұмысы жемiстi болды деп есептеймiн. Үш айдың iшiнде осындай шешiмге келдiк. Жасыратыны жоқ, бұл ұсынысты бiзде талқыладық. Менiңше, мұндай шешiм бүгiн қабылданса, онда халықтың көңiлiнен шығады. Себебi, бес жыл жер ешкiмге сатылмайды, шетелдiктерге жалға берiлмейдi. Халықтың қалауы сол болды. Ал бес жылдан кейiн тағы да бiз аман болсақ, ел боламыз, тағы да қарастыруға болады», - дейді М.Тайжан