14 мам, 2019 сағат 17:51

Иманғали Тасмағамбетов жас әнші Ержан Максиммен кездесті

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов жас әнші Ержан Максиммен кездесті. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елшілікте хабарлағандай, Ресейдегі Қазақстан елшілігінде өткен кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов мен Ержан Максим жас қазақстандық әншінің шығармашылық жоспарын талқылаған. Ержан «Голос. Дети» жобасына қатысқаннан кейін өмірінде қандай өзгеріс болғанын және алдағы уақытта немен айналысуды жоспарлап жүргенін айтты.

Иманғали Нұрғалиұлы жас таланттың барлық бастамасының сәтті болуына, Ресей астанасында уақытын жақсы өткізуіне тілектес екенін жеткізді.